Жұма, 18 Қыркүйек 2026
5099 2 пікір 1 Қараша, 2017 сағат 14:18

2020 жылға қарай газдандыру деңгейі 45 % жетеді

Биылғы жылы «Алматы - Талдықорған» магитсралды газ құбырының құрылысы аяқталды. Қазіргі кезде Алматы облысының 11 ауданында газдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингісінде белгілі болды.

Табиғи газды асыға күткен облыс тұрғындарының көпшілігі биылғы жылы көгілдір отынға қол жеткізді. Сөйтіп өңірді газдандыру 23% құрап отыр.

- Табиғи газға өтудің артықшылығы өте көп: біріншіден, өңір тұрғындарының жылуға кететін шығыны азаяды, екіншіден, тұрғындардың өмір сүру қолайлылығы артады, ең бастысы басқа отын түрлеріне қарағанда экологиялық жағынан таза, - деді Амандық Баталов.

Еске салсақ, 2020 жылға қарай Алматы облысының бес ауданы мен Қапшағай қаласы толығымен 100% газдандырылады, ал жалпы облыста газбен қамту деңгейі 45%-ке жетеді. 

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1310
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2874
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 966
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 902