Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4653 0 пікір 28 Қазан, 2017 сағат 18:03

Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді

Алматы облысы мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Баталов, облыстық мәслихаттың хатшысы Cұлтан Дүйсембинов, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері мен депутаттар қатысып, сессия жұмысын облыстық мәслихаттың депутаты Рахат Ибраимова жүргізді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу жайы болды. Бұл турасында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов  баяндама жасап,  облыс бюджетін кірістер бойынша 3,1 млрд. теңгеге арттыру ұсынылып отырғандығын жеткізді. «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметкер» 1 функционалдық тобы бойынша 496 млн. теңге сомасында шығын көзделуде. Оның ішінде басқару органдарын ұстауға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға 327 млн. теңге, ғимаратты коммуналдық меншікке сатып алуға 196 млн. теңге бағытталуда. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын жүргізуге, білім, денсаулық сақтау саласының ағымдағы шығындарына қосымша қаражат бөлу қарастырылған. Бұл қаржы балабақшалар ашуға, 100 студентке жергілікті бюджеттен білім грантын тағайындауға, 40 бірлік санитарлық автокөлік сатып алуға, Іле аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруға, А жұқпалы гепатитке қарсы вакцина сатып алуға, тағы басқа да қажеттіліктерге жұмсалмақ.

Әлеуметтік сала шығындарына да 61,1 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 1,2 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражат елді мекендерді абаттандыруға, жарықтандыруға, көгалдандыруға, сумен қамту жүйесін жөндеуге, тұрғын үйлерді жылумен қамтуға бағытталмақ.  Мәдениет саласына да қосымша 110,7 млн. теңге қарастырылған. Ол Қарасай ауданының Шамалған ауылында мұражайдың ашылуына орай 22 штаттық бірлік енгізуге, «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында мәдени-көпшілік шараларды өткізуге, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалмақ. Ауылшаруашылығы, көлік және коммуникация, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат салаларына да қосымша қаржы бөлу қарастырылған.
Бюджетке енгізіліп отырған өзгерістерді депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Сессияда  Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту, Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту, тексеру комиссиясы төрағасының жұмысына бағалау жүргізу бойынша өкілеттіктерді облыстық мәслихат хатшысы С. Дүйсембіновке жүктеу туралы мәселелер қаралды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев арнайы мониторинг тобымен атқарылып жатқан жұмыс және «Цифрлы Қазақстан – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есеп берді.

Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов бюджетке енгізіліп отырған өзгерістерді қуаттаған депутаттарға алғысын жеткізіп, ендігі мақсат осы қаржыны дұрыс игеріп, діттеген мақсаттарға жұмсап, қолға алған істі өз деңгейінде жүзеге асыру екендігін атап өтті. Оны облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне айрықша тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320