Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5077 0 пікір 26 Қараша, 2017 сағат 19:41

Терорризмді насихаттап жүрген төртеу қолға түсті

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарын қатыстыру арқылы терроризм мен экстримизмді насихаттау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Ақтөбе қаласының 4 тұрғынын қолға түсірді,-деп хабарлайды "Абай-ақпарат" ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері тінту барысында қолдан қысқартылған аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар мен деструктивті діни мазмұндағы әдебиет және электронды ақпарат тасымалдауыштарды тіркілеп алған.

Арнайы операция кезінде құрықталған төрт адам осыған дейін тұрақты түрде жиындар ұйымдастырған деп күдіктеледі және олар өзге адамдарды Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға үгіттеген.

Қазіргі таңда тұтқындалған төртеуге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1341
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2914
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 992
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 926