«Самұрық-Қазына» трансформациясының экономикалық әсері 2017 жылы күтілген болжамнан жоғары
Корпоративтік орталықтың қызметі қайта құрылды, басқару қорының құрамы қайта жасақталды
«Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасының экономикалық әсері 2017 жылдың қорытындысы бойынша мәлімделген жоспардан екі есе асады. Осындай болжамды қордың активтерін трансформациялау және оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс жариялады.
«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша, біз қазірдің өзінде бір жылға қойылған трансформациядан экономикалық қайтарым жөніндегі жоспарларымыздан асып кеттік. Жыл қорытындысы бойынша экономикалық тиімділік біз күткеннен екі есе жоғары болуы мүмкін», - деді Илькявичюс трансформация бағдарламасының аралық нәтижелері туралы ақпараттық сессияда.
«Шын мәнінде, 37 млрд. (теңге -корр. еске.) алдық, бұл жыл бойы күткенімізден жоғары. Жылдың соңына дейін біз бұл көрсеткіштің артатынына сенімдіміз, біз 50 миллиардқа жетеміз деп үміттенеміз », - деді қордың топ-менеджері.
Сонымен қатар, ол үстіміздегі жылдың мамыр айында «Самұрық-Қазына» өзінің трансформация кезеңін аяқтағандағын хабарлады. Корпоративтік орталықтың қызметі қайта құрылды, басқару қорының құрамы қайта жасақталды, ал енді еншілес компаниялардың жұмысын оңтайландыруға бет бұрылуда.
Қазіргі таңда трансформациялау бағдарламасы бойынша әртүрлі компаниялардың сан алуан салаларында 130-ға жуық жоба жүзеге асырылуда. «Қазпочта» АҚ сұрыптау орталығын оңтайландыру бойынша жобаның нәтижелерін ұсынды, бұл республикаға енгізілген барлық жөнелтілімдерді тіркеуге мүмкіндік берді.
«Біз кіріс үдерісін барынша автоматтандырдық, ол біздің сұрыптау орталықтарымыздың өткізу қабілетін 30 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Ең бастысы – сұрыптаудағы қателіктерді 99 пайызға болдырмайды», - деді «Қазпочта» АҚ бизнесті басқарушы директоры Азат Машабаев.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» тобының алты ірі компаниясы трансформациядан өтуде: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, «ҚТЖ» ҰК АҚ, «Қазпочта» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ.
Абай-ақпарат