Диграфсыз және апострофсыз әліпби жобасы
Қазақстан Республикасы өзінің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерін шешу жолында дербес саясат ұстана отырып, елде орын алып отырған өзекті мәселелерді шешу мақсатында және ел алдында тұрған алыс және жақын болашаққа арналған ұстанымдарды жүзеге асыру жолында еңбек ету мақсатында құрылған тәуелсіз мемлекет болып табылады.
Осы себепті XXI ғасырдағы IT-технологиялардың дамуымен және әлемдік нарықта ағылшын тілінің белең алуымен байланысты тенденцияларға ілесе отырып даму мақсатында Елбасы Н. Назарбаев қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу қажеттілігіне назар аударып қана қоймай, 2017 жылы осы үрдісті түбегейлі жүзеге асыруды қолға алды.
Үстіміздегі жылы қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу үдерісіне қатысты біршама пікірталастың да орын алғанын айта кету керек. Қызу талқыға түскен мәселеге мен де көңіл аударып, бей-жай қалмауға тырысып, өз әліпбиімді ұсынуды жөн көрдім.
Шынтуайтында, бұл әліпбидің дайындалған мерзімі 2017 жылдың кыркүйегі еді. Сол кезден бері қоғам қайраткерлері мен лингвист ғалымдардан, сондай-ақ, құзырлы органдардың өкілдерінен құралған жұмыс тобының отырыстары нәтижесінде халықтың басым көпшілігінің көңілінен шығатын бір әліпби нұсқасы ұсынылар деген ойда едім.
Алайда болған іс болды, Жарлыққа да қол қойылды, ұсынылған әліпбиге қажет жағдайда өзгерістер енгізілетіні де жарияланды.
Сондықтан елімнің тарихында орын алып отырған осынау игі бастамаға мен де өз үлесімді қосуым керек деген оймен қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиінің тағы бір нұсқасын ұсынғалы отырмын.
Мысал ретінде «Абай жолы» романынан үзінді келтіруді жөн көрдім.
«Абай жолы» романынан үзінді
Әліпбидің ұсынылып отырған нұсқасындағы латын қаріптерінің белгіленуі мен қолданылуына қатысты арнайы сипаттама келесі материалдарда жарияланады.
Айым Тілепберген, мәдениеттану магистрі
Abai.kz