Қазақстан мен Ресей түркі және славян халықтары достығының әлемдік іргетасы
Күні кеше ғана Астанада Түркі-славян байланысындағы тіл және әдебиет: қазіргі заман көзқарасы» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. ОндажЖер жаһанның бестен бір бөлігін алып жатқан түркі және славян әлемінің мәдени әм рухани байланыстары жайлы сөз болды.
Осы ретте біз ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РМК этникалық қатынастар саласында талдау және мониторинг қызметін басқарып отырған Таисия Мармонтова ханымды сөзге тарттық.
-Таисия ханым, түркі және славян топтары арасындағы байланыс дегенде бірінші кезекте Қазақстен мен Ресей арасындағы бүгінгі қарым-қатынас еске түседі. Екі бөлек топқа жататын түркі және славян этникаларының арасындағы байланыс жайлы айта кетсеңіз...
- Екі мемлекеттің көршілік сыйластығы екі ел арасындағы бейбітшілікті ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар барша түркі және славян халықтары достығының әлемдік іргетасы болып саналады. Ресей және Қазақстан Еуразия одағының бірыңғай даму полюсі десе де болады. Олардың бірлескен іс-қимылынсыз Еуразия кеңістігінде бейбітшілік пен келісімге қол жеткізу әсте мүмкін емес. Бұл екі ел, Ресей мен Қазақстан, бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын егіздер секілді дер едім.
-Түркілер мен славяндар бірлесіп үлкен дамыған біртұтас кеңістік құрды. Сол кеңістікте тарихы, мәдениеті жақын адамдар тұрады ғой...
-Славян және түркі әлемі бүгінде 500 млн. адамды құрайды. Бұл дегеніміз әлемдік құрылықтың бестен бір бөлшегі. Ендеше үлкен күш емес пе?. Құрамында Ресей, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан мемлекеттері бар Еуразиялық одақ шын мәнінде славян және түркі әлемі ғой. Бүгінгі Славян жазбалары мен мәдениеті күні мерекесінде өтіп жатқан конференция екі халықтың арасындағы ұлы достықтың сипаты деп есептеймін.
Түйін: Әр жылдың мамыр айы біздер үшін қадірлі мереке - Түркі жазуы күні мен Славян жазуы мен мәдениетінің күндері аталып өтеді. Түркі тектес мемлекет ретінде тарихымызды ұлағаттап, болашаққа бағдар құрған ғасырға жуық мерзімде кирилл жазуын қолданып келе жатқан біздің мемлекетіміз үшін бүгінгі күннің маңызы ерекше. Бұл мереке халықтарды жақындастырып, ортақ құндылықтарға біріктіріп, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға баршамызды жұмылдыратыны анық.
Abai.kz