Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2787 0 пікір 17 Маусым, 2017 сағат 14:35

Жексенбілік мектептерде этнос тілдерін оқытудың әдістемесі жетілдіріледі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылғы 29 маусым күні «Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар-тренинг өткізеді. Семинар-тренинг барысында Өскемен қаласында өтетін жексенбілік мектептердің жайы, тілдерді оқытудағы ерекшелігі, этнос тілдерін оқытудың үлес салмағы жөнінде сөз қозғалатын болады.

Семинардың мақсаты – этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, жексенбілік мектеп оқытушылары қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар тілдерді оқытудың тиімді технологиялары, әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Жексенбілік мектеп оқытушылары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер панорамалық және шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Халықтар достығы көшесі, 6 үй «Эдельвейс» конференция залы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420