Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2820 0 пікір 20 Мамыр, 2017 сағат 16:10

"Ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтары" атты дөңгелек үстел өтіп жатыр

Астанада Славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналған "Ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтары: тілі, мәдениеті, жазбалары" тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел.өтіп жатыр.

Дөңгелек үстелді   ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті "Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" ұйымдастырған.

Бізге белгілі дәстүр бойынша славян халқы "славян жазбалары мен мәдениеті күнін" 24-мамыр күні атап өтеді.

Дәл осы шараға қатысты еліміздің аймақтарында түрлі ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдер, кәтап көрмелері мен танымдық концерттік бағдарламалар өткізілгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтарының тығыз қарым-қатынасы, орыс және басқа да славян тілдерін үйрету саласында қалыптасқан тәжірибе алмасулар мен Қазақстанның этномәдени кеңістігінде славян тілдерін сақтау мен дамытудың түрлі аспектілері төңірегіндегі пікір алмасулар болып отыр.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.А.Әзілханов, Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Н.Бочарников, Беларусьяның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Ничкасов, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары О.Г.Дымов, «Українські новини» газетінің бас редакторы Т.А.Чернеги және т.б. қатысуда.

Дөңгелек үстел аясында славян филологиясының оқу-әдістемелік оқулықтары бойынша көрме өтуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475