Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3921 0 пікір 3 Қараша, 2017 сағат 15:22

Рухани жаңғыру жолында жеткен жетістіктеріміз аз емес

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:  жаһандық бәсекеге  қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауының алдыңғы жолдаулардан ерекшелігі көп. Мәселен, бұған дейін Елбасы негізінен әлеуметтік салаларға (білім беру, медицина, зейнетақы мен жәрдемақыны, шәкіртақыны өсіру және т.б.) және индустрияландыруға басымдық берсе, бұл жолы Үкіметтің алдына жаңа технологияларды дамыту, экономиканы жаппай цифрландыру секілді тапсырмаларды қойып отыр.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы

Жаңа құжатқа сәйкес, цифр­лық технология экономиканың барлық саласына енуі керек. Медицина, білім беру се­кілді маңызды бағыттарды айтпағанның өзінде, «ақылды» технологиялар мұнай өңдеу, өнеркәсіп салаларын да қам­тымақ. Бағдарламаны та­быс­ты іске асыру елдің бә­се­кеге қабілеттілігі және эко­номиканың барлық салаларында еңбек өнімділігі өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аталған мемлекеттік бағ­дар­лама төрт басты бағытты іске асыруға бағытталған: цифр­лық инфрақұрылымды да­­мы­ту, халықтың цифрлық сауат­тылығын арттыру, эконо­ми­каның базалық салаларын цифр­ландыру және мемлекеттік қызмет көрсету бойыша электронды және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру.

Не істелді?

Биыл мамыр айында Алма­тыдағы Қазпоштаның бас ғима­ратында 3D-принтинг зертханасы ашылды. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

3D-принтинг – әлемдік тех­но­ло­гия саласына револю­ция алып келген ерекше құбы­лыс. Қазір осынау принтердің көмегімен шағын бұйымдардан бө­­лек үлкен үйлер де тұр­ғы­зыла бастады. Тіпті, меди­ци­на ғалымдары осынау қондырғының көмегімен адам ағзаларын жасап шығаруға болатынын айтуда.
Алматыдағы зертхананың іс­ке қосылуына Сүлеймен Демирел атындағы университеттің жас ғалымдары атсалысқан. Енді олар өздері принтердің көмегімен жасап шығарған өнімдерді сатпақ ниетте.

Зертхана дәл қазір кітаптан бастап түрлі кәдесыйлар, қуыршақтарға дейін басып шығара алады. Оның қызметін кез келген қазақстандық қолдана алады. Тек «Қазпоштаның» сайтына кіріп, өзіне қажетті өнімге тапсырыс берсе жетіп жатыр. Пошта қызметі 3D-принтер басып шығарған тапсырысыңызды үйіңізге өзі жеткізіп береді.

«Цифрлық Қазақстан» бағ­дар­ламасы аясында еліміздегі екінші деңгейлі банктердің барлығы мобильді банкинг жүйесін енгізетін болады. Бұл жүйе қазір «Қазкоммерцбанк», «Халық банк», «Каспий банк», «Банк Центр Кредит» секілді ірі қаржы институттарында оң жолға қойылған. Аталған банк клиенттері үйден шықпай-ақ мобильді қосымша арқылы несие рәсімдей алады, несиелік қарыздар мен коммуналды қызметтердің қарыздарын төлеп, өзге қаржы операцияларын оңай жүзеге асыра алады.

«Астана» халық­ара­лық қар­жы орталығы

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің базасында «Астана» қаржы орталығын құру тапсырмасын Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформасында да мәлімдеген болатын. Биылғы Жолдауда бұл міндетті тағы да айшықтай түсті.

Қаржы орталығын Алматыдан Астанаға кезең-кезеңмен көшіру жұмыстары өткен жылы басталып, биыл аяқталып бітті. Парламентте бұл туралы арнайы заң қабылданып, Конституцияға өзгеріс енгізілді. Қаржы орталы­ғында ағылшынның құқық­тық жүйесі болады. Мұндағы негізгі тіл де ағылшын тілі болмақ.

Орталықтың басты мақсаты – Астананы Орта Азияның қаржы қақпасына айналдыру, елге молынан инвестиция тарту.

Қаржы орталығына аса білікті, кәсіби ысылған мамандар еңбек етуге тартылады. Шамамен 2 мыңға тарта білікті қызметкер отандық қаржы саласындағы жобаға кіріседі.

Мұнымен қоса, «Астана» халық­аралық қаржы орта­лығында өзіндік арнайы сот құры­лады. Дубай халықаралық қаржы орталығының сотына ұқсас бұл соттың құқықтық мәртебесі тәуелсіз және Қазақстанның сот жүйесіне кірмейтін сот ретінде айқындалып отыр. Сосын инвесторлар үшін ерекше тартымды жағдайлар жасау мақсатында Орталықта өзгеше салықтық, валюталық, визалық режим, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тар­тудың оңтайлы режимі көзделген. Осылайша, салық салу бөлігінде Орталықтың органдары мен қатысушыларын 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін елу жылға корпоративтік табыс салығын, мүлік салығын және жер салығын төлеуден босату белгіленген.

Экспортты дамыту

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін Қазақстан экспорттайтын тауарлардың көлемін екі есеге дейін арттыруды тапсырды.

Экспорт көлемін ұлғайтуда негізгі басымдық ЕАЭО елдері мен Қытай нарығына берілетінін айттық. Бүгінде бұл жұмыстар жаңа қарқын ала бастады. Әсіресе қытайлық ірі компаниялар Қазақстанда өкілдіктерін ашуда.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасында ірі 51 жоба­ға екі елдің басшылары қол қойғаны білеміз. Бүгінде сол жобалардың үшеуі жүзеге асып жатыр. Қазақстан Қытайға мұнай-газ өнімдерін айтпағанда дәнді дақылдар, өсімдік майын және ет экспорттауға кірісіп кетті.

Бұдан бөлек еліміз ЕАЭО нарығына ет және сүт өнімдерін, дәнді дақылдар, ауыр және жеңіл автокөліктер сатумен айналысып келеді.
Жалпы, 2017 жылдың 6 айында Қазақстанның экспорттаған өнімдері былтырғы жылмен салыстырғанда 38,3%-ды құрап, 20,7 миллиард АҚШ долларына жетті.

Аграрлық сектор – эко­номиканың жаңа драйвері

Бүгінде астық ору науқаны аяқталып, қамбаға 21,7 миллион тонна астық жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14,2 центнер құрады. Осылайша диқандар жоспарланған жұмысты артығымен орындады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Еуразияның «нан кәрзеңкесіне» айналуы тиіс. Ол үшін бидайдың санымен қоса сапасы да арттыруымыз қажет. ҚР Ауыл шаруашылығы вие-министрі Қайрат Айтуғановтың айтуынша, биыл Қазақстанда жиналған бидайдың 60-70 пайызы сұранысқа ие жоғары сортты болмақ. 2016 жылы бұл көрсеткіш небәрі 44 пайызды құраған екен.

Халықты баспанамен қамту

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Нұрлы жер» де­ген жаңа бағдарламаны іске қосты. Бұл тұрғын үйге қатысты барлық мемлекеттік бағдарламаларының басын біріктіріп, халықтың баспана мәсе­лесін түбегейлі шешпек.

«Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, 15 жылда 1,5 миллион қазақстандыққа үй салынып беріледі. Сондай-ақ, 600 мың адамға жер телімдері үлестіріліп, олардың өздерінің үй салып алуларына жағдай жасалмақ.

«Нұрлы жердің» маңызды бір бағыты ол – әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды баспанамен қамту. Аталған бағытта арендалық пәтерлер салынады. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл осы санаттағы тұрғын үйлердің құрылысына 25 млрд теңге қарастырылған. Осы уақытқа дейін қаражаттың 6 млрд теңгесі аймақтарға толығымен аударылды. Қаражаттың қалған сомасы қаржыландыру жоспары бойынша біртіндеп беріледі. Осы уақытқа дейін аударылған ақшаға 5 936 пәтердің құрылысы басталды. Ағымдағы жылда ол пәтерлердің 2 687-ін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Алдағы үш жылдың ішінде «Бәйтерек» басқарушы xол­дингінің 133 млрд теңгесі, сондай-ақ «Самұрық-Қазы­наның» 97 млрд теңгесі әкім­діктерге аударылады. Бұл қаражатқа жергілікті билік «револьверлік» әдіспен тұрғын үйлерді салуды жалғастыратын болады.

С.АБАЙҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371