Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4997 0 пікір 3 Қаңтар, 2018 сағат 10:04

ЖОО кафедра меңгерушісін пара туралы хабардан соң жұмыстан шығарды

Түркіменстандағы жоғары оқу орындарының бірінде кафедра меңгерушісін Азатлык ветсайтында жарияланған материалдан соң жұмыстан шығарды.

Еске салайық, желтоқсанның соңында Түркіменстан Мемлекеттік көлік институтының басшылығы мен ұстаздары студенттерден мәжбүрлі түрде ақша жинағаны хабарланған. Студенттерді пара беруге мәжбүрлеу, сонымен бірге курс жұмыстары және емтихан бағалары белгіленгені айтылды.

Осы матералдан соң кафедра меңгерушісі Юсуп Михтиев жұмыстан шығарылған. Азатлык дереккөзінің мәліметіне қарағанда, Михтиев "өз еркімен кетті" деп хабарланған, бірақ шын мәнінде оны пара туралы мәліметтен соң жұмыстан шығарған.

Михтиевтің өзі Азатлык радиосына берген сұхбатында өзінің жұмыстан шеттетілгенін жоққа шығарды.

Түркімен Мемлекеттік көлік институтында Михтиев өткен айдан бері бұл мекемеде жұмыс істемейтіндігін растаған.

Бұл уақытта, Азатлык дереккөзі оқу мекемесінде пара алу жағдайы әлі тыйылмағанын хабарлады. Оның айтуынша, сессия кезінде кейбір мұғалімдер емтихандарда пара алу үшін студенттерді жалдайтын болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1024
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2570
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 715
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 678