Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
4835 3 пікір 8 Қаңтар, 2018 сағат 08:27

Түркіменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салды

Түркіменстанда былтыр желтоқсан айынан бастап әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салды.

«Түркіменстанның балама жаңалықтары» басылымының хабарлауынша, желтоқсан айында көлік инспекторлары әйелдерге келесі жолы рөлге отырғанын көрсе, айыппұл төлейтінін ескерткен. Енді қаңтар айынан бастап басылымның дереккөзіне қарағанда, әйелдердің жүргізу куәлігін алып, көліктерін айыппұл тұрағына қоймақшы.

«Бастапқыда бұл ақпаратты қалжың ретінде қабылдадым. Бірақ өзімді көлік полициясы ұстады. Енді қазір әйелдер көлік жүргізуге қорқады. Оларды жұмыстан күйеулері алып кетіп жатыр», - дейді Ашхабад тұрғыны.

Дереккөзге қарағанда, 5 желтоқсанда ішкі істер министрі Исгендер Муликов мемлекет басшысына жол көлік оқиғасының дені әйел жүргізушілердің кесірінен болады деп есеп берген. Президент министрге «жағдайды түзе» деп тапсырма берген.

«Түркіменстанның балама жаңалықтары» басылымының дереккөзі жаңа тыйымдар тек көлік полициясындағы қордаланған проблемаларды жылы жабудың бір көрінісі дейді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1040
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2587
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 728
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 687