Сенбі, 23 Қараша 2024
4867 9 пікір 8 Қаңтар, 2018 сағат 08:31

Мирзияев әлемді өзгертер лидерлердің ондығына енді

Түркиядағы Derin Ekonomi экономикалық басылымының саяси шолушылары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті өз еліндегі және аймақтағы жағдайды өзгерте алатын әлемдегі он басшының тізіміне қосты.

Бұл туралы «Жахон» ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл тізімге өз еліндегі және аймағындағы қалыптасқан жағдайды түбегейлі шешімдерімен өзгерте алатын және халықаралық жағдайға белсенді түрде әсер етіп, әлемдік БАҚ-та «жаңалық түзушіге» айналған тұлғалар қамтылған.

Мамандардың айтуынша, Мирзияев өзі президент болып сайланғаннан бастап елді жаппай либерализациялау бағытында реформалар жүргізе бастаған. Derin Ekonomi басылымы сарапшыларының пайымдауынша, құқыққорғау органдары, діни сенім бостандығы, еркін нарық, сыртқы сауданы либерализациялау бағытында Мирзияев түбегейлі шешімдер қабылдап, елдің шетел инвестициясы үшін тартымдылығын арттыра білген.

Шавкат Мирзияевтың өзге елдермен, соның ішінде іргелес елдермен байланысты түбірімен өзгертуге бағытталған қадамы да оның аталған тізімге енуіне әсер еткені айтылады.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371