Сенбі, 23 Қараша 2024
5600 4 пікір 10 Қаңтар, 2018 сағат 10:16

36 ЖОО-да«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша кафедралар ашылды

«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді».

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласынан

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласы 2017 жылдың басты оқиғаларының бірі болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев сананы жаңғыртудың жалпы қоғамға, және әрбір жеке қазақстандыққа қатысты бірнеше бағытын нақтылады, оның ішіндегі ең біріншісі бәсекеге қабілеттілік: қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін». Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың дағдылары мен білімдерінен басқа, ұлттың бәсекеге қабілеттілігі экономикалық прагматизм және ұтымды мінез-құлық қағидасына негізделген «экономикалық адамға», мінез-құлқының біртіндеп өзгеруімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Бұл мінез-құлықтағы экономикалық прагматизм, ол өз мүмкіндіктерін және әлеуетін ескере отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізуге назар аударуға мүмкіндік береді.

«Экономикалық адамға» бағытталған назардың өзгеруі сонымен қатар мотивация сипатын өзгертуді, материалдық факторлардың рөлін төмендетуді және адамның рухани қажеттіліктерін арттыруды білдіреді.

Осыған байланысты, кез-келген уақытпен жүретін әр адам, белгілі бір қасиеттердің жиынтығына ие болуы керек, немесе қазіргі тілмен айтқандағы құзыреттілік деп айтуға болады. Негізгі факторлар – компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық. Тұрғындардың Қазақстандағы заманауи қоғамның құзыреттілігін меңгеру мақсатындағы мемлекеттік саясат белсенді түрде жүргізілуде.

ҚСЗИ сарапшылары тарапынан 2017 жыл бойынша бағдарламалық мақаланың орындалуына алғашқы ивент-талдау жүргізілді. Бағдарлама аясында идеологиялық деректерді алға жылжыту мақсатында елімізде 200-ден астам пікірталас алаңдары құрылды, шығармашылық конкурстар мен фестивальдар, семинар-тренингтер мен мастер-класстар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештерді қоса алғанда 500-ден астам жоба жүзеге асырылды.

Бір айта кетерлігі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалар өткен жылы Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде таныстырылған болатын, бұл, сөзсіз, халықаралық мәдени диалогты нығайтудағы маңызды қадам болды.

Прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, білім табынушылық идеясын насихаттау барысында, жастар ресурстық орталықтарымен 3 800 астам іс-шара өткізілді.

Әртүрлі платформаларда 74 мыңнан астам материалдар жарияланды, 1700 имидждік роликтер шығарылды, 5 816 сараптамалық материалдар дайындалды, 68 әлеуметтанулық зерттеулер мен сауалнамалар жүргізілді.

Бағдарламаны іске асыруға жастар қозғалысының кең тобы – 1400 астам жастар ұйымдары тартылды, сондай-ақ, шалғай өңірлерге баратын жастардың ақпараттық топтары да құрылады.

Еліміздің 36 жоғары оқу орындарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша арнайы кафедралар ашылды, оның ішінде адам капиталын дамыту идеясы бойынша арнайы пәндер енгізілді.

Осылайша, бәсекелестіктің заманауи жағдайында бәсекеге қабілетті шығармашылық, жеке және кәсіби табысқа қол жеткізе алатын мамандар қажет. Біліктілігі мен білімі бар, сондай-ақ шешімдерді қабылдау кезінде прагматизм мен ұтымдылыққа ие жеке тұлға нарықтық орта мен бәсекелестікке бейім болады, ол сайып келгенде адами капиталдың сапасына тікелей әсер етеді, бұл өз кезегінде ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторы болып табылады.

Осылайша, салыстырмалы түрде қысқа мерзім – жылға толмайтын кезең аясында, қоғамдық өмірдің барлық деңгейлерінде нақты көп жұмыс атқарылғандығын атап өткен жөн. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қоғам институттары, коммерциялық емес ұйымдар және этномәдени бірлестіктер қатысты. Мемлекет басшысының бастамасын белсенді қолдайтын қазақстандық жастардың қатысуы ерекше атап өткен жөн.

Нұрқатова Лязат Төлегенқызы

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ (KAZISS)

әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408