Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
3908 0 пікір 15 Қаңтар, 2018 сағат 09:33

СҚО-да имамдар жаназадағы ысырапқа тыйым салды

Солтүстік Қазақстан облысында имамдар жаназа және жерлеу рәсімдерінде, діни жоралғылардағы ысырапты тоқтату туралы шешім қабылдады. Имамдар , молдалар және тұрғындар қатысқан жиыны 12 қаңтарда Петропавлдағы «Қызылжар» облыстық мешітінде өтті.

Имамдардың айтуынша, бұл шешімнің мақсаты - Ислам дінінің шариғатына қарсы келетін ысырапшылдықты тоқтату, қара жамылып отырған отбасыға ауыртпалық түсірмеу.

Жиында жаназада, марқұмның жеті күні, қырық күні және жылында дастарханға қымбат тағамдар қоюға, жаназаға қатысушыларға садақа ретінде орамал, киім, кілем тағы да басқа заттар таратуға тыйым салынды. Бұл шешімнің орындалуын облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық мешіттердің имамдары мен молдалары, қажылар бақылайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1151
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 800
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 770