Сенбі, 23 Қараша 2024
3587 0 пікір 15 Қаңтар, 2018 сағат 09:37

Ашхабад базарлары босап қалды, көшелерде полиция қызметкерлері азайған

Ашхабад базарларына келушілер саны күннен күнге азайып барады, қала көшелерінде полиция қызметкерлері сиреді, деп хабарлады Азатлык дереккөзі..

Түркіменстан астанасында полиция қызметкерлерінің азайғанын дереккөз президенттің Ашхабадтағы тексеруімен байланыстырады.

Бұған дейін көшенің әрбір жағында кем дегенде 2-3 полиция қызметкері бақылап жүретін, қазір әрбір екі шақырым сайын бір полиция қызметкері ғана қалған. Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері де азайғаны байқалады.

Жергілікті бақылаушылар бұны құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қысқартуымен байланыстырады. Өткен жылы желтоқсан айында Лебап облысында құқыққорғау органдары штаты қысқартылуы мүмкін екендігі хабарланған.

Өткен аптада Азатлыктың Ашхабадтағы тілшісі астана базарлары босап қалғанын көрді. Жаңа жыл қарсаңында базарларда барлық азық-түлік, тұрмыс заттары қымбаттап кетті. Ұн, қант, өсімдің майы жаймалардан бірнеше мәрте жоғалып кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475