Еуроодақ лидерлері Ұлыбританияны ЕО-дан шықпауға шақырды
Еуропалық одақ төрағасы Дональд Туск пен Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер Ұлыбританияны Еуроодақтан шықпауға шақырды.
Туск Еуропарламентте сөйлеген сөзінде, егер Лондон болып жатқан жағдайларға назар аудармаса, онда Брекзиттің салдары ауыр болады деді. "Біздің жүрегіміз Ұлыбританияға әрдайым ашық", – деді Туск.
Юнкер Тусктің ұстанымын қолдап, британ билігі оның сөздерін естиді деп үміттенетінін жеткізді. "Біздің есігіміз әрдайым ашық", – деп атап өтті Еурокомиссия басшысы.
Ұлыбританияның ЕО-дан шығу туралы келіссөздері Брюссельде былтыр 19 маусымда басталған. Бұл 2018 жылдың соңына дейін жалғасуы тиіс. Осыдан кейін тараптарға келісімдерді ұлттық парламенттерінде бекіту үшін алты ай уақыт беріледі.
Британдықтар Еуроодақтан шығуға 2016 жылдың жазында дауыс берген. Ұлыбритания ЕО-ға 1973 жылы қосылған әрі одан шығатын бірінші мемлекет болмақ. Брекзит туралы заң жобасы 1972 жылы қабылданған Еуропалық қауымдастық жөніндегі құжаттан бас тартуды көздейді, осының негізінде заңдардың бәрін британдық заңдарға ауыстырады.
Abai.kz