Сенбі, 19 Сәуір 2025
4765 1 пікір 18 Қаңтар, 2018 сағат 09:31

Reuters: Тәлібтер делегациясы кеңесу үшін Исламабадқа барды

Тәлібтер делегациясы 16 жылға созылған Ауғанстандағы соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге отыру үшін, Исламабадқа барды. Осылай деп Reuters агенттігіне тәлібтердің беделді екі адамы хабарлаған.

Биресми кездесуде ілгерілеу болды ма, жоқ па белгісіз. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Исламабадтағы кездесуден кейін, Түркияда да тәлібтер мен Хизб-и-Ислами тобы арасында құпия келіссөздер болған. Соңғысы бұрын тәлібтер құрамында болған. Бірақ 2017 жылы қару-жарақты тастап, Ауғанстан үкіметі жағына өткен.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың баспасөз хатшысы Исламабадтағы келіссөз жөнінде хабары жоқ екенін айтты. Тәліб өкілдері де, ресми түрде жауап беруден бас тартты. Екі тарап та дүйсенбі күні Түркияда келіссөзге қатысқандарын теріске шығарды. Алайда тәлібтер құрамындағы жоғары лауазымды екі беделді тұлға жоғарғы лидер Хайбатулла Ахундзаданың Исламабадтағы кездесуге келісім бергенін растады. Ахундзада қазір Пәкістанда тұрады. Тәлібтер өкілі Забихулла Муджахид болса, Түркиядағы кездесуде қозғалыстың заңды өкілдері болған жоқ дейді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2027
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4886
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4080