Сенбі, 12 Сәуір 2025
3367 0 пікір 19 Қаңтар, 2018 сағат 09:18

Тәжікстанда 500 мың доллар пара алды деген шенеунік 11 жылға сотталды

Тәжікстанның экономикалық даму министрлігінің инвестицияны бағдарлау басқармасының төраға орынбасары болған Аскар Нурализода 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыған дейін оның 500 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталғаны айтылған.

Душанбенің Сино аудандық соты бұрынғы шенеунікке қатысты сот үкімі 10 қаңтарда шыққанын растады. Бірақ үкім әлі заңдық күшіне енбеген.

Нурализода былтыр 28 қыркүйекте коррупцияға қарсы агенттіктің мәліметі бойынша, «Афсона» мейрамханасында 490 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған. Үйін тәркілеу кезінде тағы да 10 мың доллар табылған.

Сонымен бірге Аскар Нурализода 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаға Хатлон облысынан құс фабрикасын дамыту тармағын енгізу үшін, Жалолиддин Балхи деген аудан тұрғынынан 1 миллион доллар пара сұраған делінеді.

Коррупцияға қарсы агенттік Аскар Нурализода әйеліне арнап жаңа тұрғын үйден 70 мың доллар көлемінде жаңа пәтер алып беруін де талап еткен дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1802
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3627