Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
4323 0 пікір 19 Қаңтар, 2018 сағат 09:21

Қырғыз депутаты кейбір әріптестері қылмыс әлемі адамдарын қорғайды деп мәлімдеді

Қырғызстан парламент депутаты Эльвира Сурабалдиева өзінің кейбір әріптестері ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін қорғайды деп мәлімдеді.

«Ұйымдасқан қылмыстық топпен (ҰҚТ) күресу үшін, ең алдымен саяси ерік-жігер қажет. Егер мұны ІІМ мойындай алмаса, мен ашық айтамын: парламенттегі менің кейбір әріптестерім ҰҚТ мүшелерін қорғайды», - деді Азаттықтың қырғыз қызметінің «Ынгайсыз суроолор» ("Ыңғайсыз сұрақтар") бағдарламасына берген сұхбатында.

ҰҚТ мүшелерінің кәсіпкерлерге қысым көрсетуі жөнінде Ыстық көлдегі «Осьминог» кафесіндегі өрттен кейін, ашық айтыла бастады. Кафе қожайыны кафеге өрт қойған қылмыс әлемінің өкілдері деп күдіктенеді. Жергілікті милиция болса, өрт "газ баллонының жарылуынан себеп болды" деген.

Бұл оқиға Жогорку Кеңеште талқыланды. Жалпы отырыс кезінде депутат Эльвира Сурабалдиева күш құрылымдарының атына сын айтып, кәсіпкерлерді қорғамайды деген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1287
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2843
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 941
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 881