Жұма, 20 Қыркүйек 2024
2737 0 пікір 19 Қаңтар, 2018 сағат 09:24

Эмомали Рахмон Шавкат Мирзияевқа көңіл айту телеграммасын жіберді

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевқа Ақтөбе облысында автобус өртінен өзбекстандықтардың қаза болуына байланысты көңіл айту телеграммасын жіберді. Бұл жөнінде Тәжікстан президенті баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан республикасы Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жөніндегі ақпаратты ауыр қайғырып қабылдадым. Құрметті Шавкат Миромонұлы, Тәжікстан халқы мен үкіметі атынан біздің қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасатынымызды жеткізгім келеді. Қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз»,- делінген телеграммада.

18 қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында таңертеңгі 10:30 шамасында жолаушылар автобусы жанып кетті. Төтенше оқиға Самара – Шымкент тас жолында, облыс орталығынан 320 шақырым қашықтықта болған.

Жергілікті құтқарушылардың айтуынша, көлікте 55 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Бес адам көліктен шығып үлгерген. 52 адам сол жерде қаза тапқан.

Abai.kz

0 пікір