Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
4729 0 пікір 19 Қаңтар, 2018 сағат 09:26

Өзбек президенті Қазақстандағы автобус өртінің себебін анықтауды тапсырды

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Шавкат Мирзияевтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған. Комиссияны ел премьер-министрі Абдулла Арипов басқарады. Комиссияға Қазақстан өкілдерімен бірлесіп, өзбек азаматтарының өліміне әкелген автобустағы өрттің себебін жіті тексеру.

Өзбек сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, елдің төтенше жағдайлар министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі өкілдері арнайы бортпен Қазақстанға ұшуға дайындалып жатыр.

Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі Ырғыз ауданына жедел жәрдем жіберген.

18 қаңтар күні сағат 10:30-да Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент – Самара жолында жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам – 55 жолаушы мен екі жүргізуші болғаны хабарланған. Үш жолаушы мен екі жүргізуші аман қалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1171
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2696
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 815
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 787