Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
4222 0 пікір 23 Қаңтар, 2018 сағат 08:58

Қырғызстан: Чычкан өзеніне құлаған бензовоздан балықтар қырылды

Қырғызстанның Токтогул ауданында бензовоз жол апатына ұшырап, ондағы жанармай Чычкан өзеніне құйылған. Соның салдарынан балықтар қырылды. Бұл туралы аудан әкімі Майорбек Стамкулов хабарлады.

Шаруашылық өсіріп отырған бірнеше тонна балық қырылып қалды. Мамандар шығынды есептеп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жеті тонна балық қырылған.

21 қаңтарға қараған түнде Бішкек-Ош трассасында бірнеше тонналық жүк көлігі өзенге құлап түскен. Жол апатынан бір адам қаза тапты, екі адам жараланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, жүк көлігінің цистернасында 38 тонна жанармай болған. Соның қаншауы өзенге құйылғаны белгісіз. Автокөлік әлі су астында жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1177
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2702
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 824
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 794