Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
4623 1 пікір 23 Қаңтар, 2018 сағат 09:22

Түркіменстанда президент портретін жаппай жаңартып жатыр

Түркіменстанда жаңа жыл басымен бірге мемлекеттік мекемелерде президенттің портретін де жаңартып отырады.

Биылғы жаңартылған портреттер «Түркіменстан — Ұлы Жібек жолының жүрегі» деген сөздермен басылған. Бұл Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің соңғы жарық көрген кітабының атауы.

Бюджеттік мекемеде істейтін жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қосымша шығын. Себебі, жыл сайын президент портретін жұмыс бөлмесіне іліп қою үшін, жаңасын өз қалталарынан сатып алуды міндеттейді.

"Барлық мемлекеттік мекемелерде президент суреттері ауыстырылды. Ашхабадта мектеп мұғалімдері 25 манаттан (7 доллардан астам) ақша жинады", - дейді аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрген мектеп директоры.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1211
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2737
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 872
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 826