Дүйсенбі, 19 Қазан 2026
5868 0 пікір 24 Қаңтар, 2018 сағат 09:08

Aвтобуста қаза болған 52 өзбекстандықты жерледі

Қазақстанның Ақтөбе облысында автобусқа қатысты төтенше жағдайда қаза болғандар жерленді. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик) хабарлайды.

Бұдан бұрын Өзбекстанның төтенше жағдайлар бойынша министрлік өкілі қаза болғандардың аты-жөндері толық анықталғанын айтқан. Министрлік сайтында марқұмдардың тізімі жарияланған.

Қаңтардың 18-і Қазақстан арқылы Ресейге Өзбекстаннан еңбек мигранттарын апара жатқан автобус өртеніп кетіп, 52 жолаушы қаза болған.

Шымкент-Самара трассасында Ақтөбе қаласынан 320 шақырым жерде болған оқиғадан бес адам: үшеуі қазақстандық, екеуі өзбекстандық аман қалған. Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдай "отқа салғырт қараудан" деген болжам айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1064
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1443