Түркіменстанда жастар көбіне түрікше сөйлейтін болған
Түркіменстанда түрік телеарналарын көріп өскен жастар көбіне түрікше сөйлейтін болған.
“Түрік мәдениеті жастардың санасына дендеп енді, қазір мектеп оқушылары өзара түрік тілінде сөйлейтін болған", - деді Азатлык радиосының Дашоғыз облысындағы дереккөзі.
Сонымен бірге Лебап, Мары және Ахал уәлаяттарында жергілікті тұрғындар түрікше сөйлеседі.
"Мен бір әйелдің баласымен түрікше сөйлесіп жүргенін көрдім. Олардың түрікшесі өте жақсы. Мары тұрғындары екіауыз тілде түрік сөздерін жиі қолданады".
Тілдері ұқсас болғандықтан Түркіменстанда түрік телеарналарын көп көреді.
Оның үстіне мемлекеттік толық бақылауындағы түркімен телеарналарын халық қызығып көрмейді. Мұнда көбіне биліктің жетістіктері, мемлекет басшысын мадақтау басым. Жергілікті телеарналар тұрғындардың күрделі мәселелерін көрсетпейді.
Abai.kz