Жұма, 22 Қараша 2024
4696 0 пікір 1 Ақпан, 2018 сағат 09:34

Қырғызстан және Тәжікстан президенттері шекара мәселесін талқылайды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 1-2 ақпанда ресми сапармен Душанбеге барады. Бұл туралы 31 қаңтарда мемлекет басшысы аппараты сыртқы істер бөлімінің меңгерушісі Айзада Субакожоева журналистерге хабарлады.

Оның айтуынша, Жээнбеков Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен шағын және кеңейтілген топтармен кездесу өткізеді.

Сапар барысында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөнінде пікір алмасу өтеді.

"Күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселе қаралады. Сауда-экономикалық әріптестік мәселелері сөз болады. Екі ел арасындағы сауда айналымы өсіп келеді, бірақ оның мөлшері одан да көп болуы керек. Сол себепті тараптар осы бағытта жұмыс істейді", - деді Айзада Субакожоева.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша, 2017 жылы республиканың Тәжікстанмен шекарасында жанжал туғызатын оқиғалар көп тіркелген.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара 971 шақырымға созылып жатыр, соның 519 шақырымының мәртебесі анықталмаған. Екі ел шекарасында шамамен 70 даулы жер телімі бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329