Жұма, 22 Қараша 2024
4202 0 пікір 1 Ақпан, 2018 сағат 09:53

Ошағы Ауғанстанда тіркелген жер дүмпуі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді

epa06487236 A handout photo made available by the US Geological Survey (USGS) on 31 January 2018 show a shakemap of a 6.1 magnitude earthquake detected at a depth of 191.2 kilometers in the Hindu Kush region of Afghanistan at 07:07:00 UTC on 31 January 2018. There were no immediate reports on casualties or the amount of damage caused in this remote area. The tremors reportedly were felt all over the region and even in New Delhi, in neighboring India. EPA-EFE/USGS / HANDOUT HANDOUT HANDOUT EDITORIAL USE ONLY/NO SALES

31 қаңтарда Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым қашықта жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы. Дүмпу Шымкент пен Тараз қалаларында сезілді.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 13:07-де болды. Қуаты 6,9 магнитудаға жеткен зілзала ошағы Ауғанстан аумағында, жердің 180 шақырым тереңдігінде тіркелді.

Жер сілкінісі Шымкентте 3-4 балл, Таразда 3 балл шамасында сезілді.

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметіне қарағанда, Гиндукуш тау сілемдерінде тіркелген жер дүмпуінің күші 6,1 балл болған. Оның әсері Ауғанстан астанасы Кабулда, сонымен бірге Тәжікстан, Пәкістан және Үндістанда сезілген.

Пәкістандық Dawn газетінің хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан үйдің шатыры опырылып түсіп, бір баланы басып қалған. Пәкістанның басқа да аудандарында кем дегенде 15 адам жараланған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы ақпарат түспеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318