Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5828 0 пікір 1 Ақпан, 2018 сағат 09:59

Мирзияев ҰҚҚ-ны 23 жыл басқарған Рустам Иноятов қызметінен босатты

30 қаңтарда Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасы, генерал-полковник Рустам Иноятов қызметінен алынды.

Иноятовтың отставкасы 31 қаңтарда президент Шавкат Мирзияевтың қатысуымен өткен үкімет отырысында жарияланды.

23 жыл бойында Ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған 73 жастағы Рустам Иноятовтың орнына елдің бас прокуроры болып қызмет атқарған Ихтиер Абдуллаев тағайындалды.

52 жастағы Ихтиер Абдуллаев бас прокурор қызметіне 2015 жылдың 21 сәуірінде тағайындалған. Оның орнына президенттің кеңесшісі болып жұмыс істеген 42 жастағы Отабек Муродов келді.

Рустам Иноятов Ислам Каримовтің өлімінен кейін билікте қалған аз ғана басшылардың бірі болған.

22 желтоқсанда Шавкат Мирзияев Ұлттық қауіпсіздік қызметін және құқық қорғау органдарын қатаң сынға алған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320