Самарқанда атақты жазушы Садриддин Айнидің мұражай-үйін жөндейді
Өзбекстан билігі белгілі тәжік қаламгері Садриддин Айнидің Самарқан қаласындағы мұражай-үйін жөндеуден өткізеді. Үкімет реставрацияға 300 миллион сум ($37 мың) бөлді.
"Ұлы Айнидің туғанына 140 жыл толу мерекесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталады деп үміттенеміз", деді Өзбекстандағы тәжік қоғамының белсендісі Амина Шарофиддинова.
Айни мұражайы ескі қаланың орталығында, Регистан алаңына жақын маңда орналасқан. Бұл үйге атақты жазушы 1917 жылы кірген. Ол мұнда Бұхара әмірі Сейід Әлім-ханнан қашып келген.
Қаламгер бұл үйде шамамен 35 жыл тұрған. Үй екі бөліктен тұрады, алғашқысы XVIII-XIX ғасырларда салынса, екіншісін 1930-жылдары Айнидің өзі тұрғызған.
2009 жылы Өзбекстан билігі тозығы жеткен үйді бұзғысы келген, бірақ оған Самарқан зиялылары жол бермеді.
Abai.kz