Жұма, 20 Қыркүйек 2024
3734 0 пікір 5 Ақпан, 2018 сағат 10:00

Қазақстан жеңіл атлеттері Азия чемпионатында топ жарды

epa04880100 (FILE) File picture dated 18 August 2013 shows athletes competing in the Women's 4x100m Relay Heat at the 14th IAAF World Championships in Athletics at Luzhniki Stadium in Moscow, Russia. A large number of 28 athletes have failed 32 doping tests in retests of samples from the 2005 and 2007 world athletics championships, the ruling body IAAF said on 11 August 2015. The IAAF said it has started investigating the cases and therefore would not identify the athletes. But it said that none of them was to compete at the upcoming 2015 worlds August 22-30 in Beijing. EPA/BERND THISSEN

Иранда сенбі күні аяқталған жабық кешендегі Азия чемпионаты қорытындысы бойынша қазақстандық жеңіл атлеттер командалық есепті бірінші орын иеленді.

Бұл туралы ақпаратты Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Федерация сайтында жарияланған мәлімет бойынша, қазақстандық атлеттер 7 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлде иеленген.

Тегеранда өткен чемпионатта алтын медальді Татьяна Нерознак (3000 метрге жүгіру), Ирина Эктова (үш қарғып секіру), Светлана Голендова (400 метрге жарыс), Әйгерім Шыназбекова (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Анастасия Ермакова (сырықпен секіру), Никита Филиппов (сырықпен секіру) және 4х400 метрлік эстафеталық жарыста - Светлана Голендова, Аделина Ахметова, Виктория Зябкина мен Элина Михина жеңіп алған.

Күміс жүлдеге Виктория Зябкина (60 метрге жарыс), Элина Михина (400 метрге жүгіру), Татьяна Нерознак (1500 метрге жарыс), 4х400 метрге эстафеталық жарыс бойынша Андрей Соколов, Сергей Зайков, Дмитрий Коблов және Михаил Литвин ие болған.

Сырықпен секіруден сынға түскен Надежда Дубовицкая қола жүлдегер атанды.

Abai.kz

0 пікір