Сенбі, 23 Қараша 2024
3606 0 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 08:27

Түркімен президентінің ұлы "Мирас" атты сәйгүлікпен серуендеген

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ұлы Сердармен Ашхабад түбіндегі Ақалтеке жылқы шаруашылығы кешенінде болды. Ресми баспасөздің 4 ақпанда хабарлауынша, түркімен президенті Гуджурлы (Күшті) атты сәйгүлікпен, ал оның ұлы "Мирас" атты тұлпармен серуендеген.

"Мұнда президент Гурбангұлы Бердымұхамедов "Мирас" атты сәйгүлік мінген ұлы Сердармен жалпыхалықтық дене шынықтыру мен спорт жетістіктерін дамыту туралы пікір алмасты", деп хабарлады мемлекеттік ТДХ ақпарат агенттігі.

2017 жылы сәуірде түркімен президенті "Мирас" сәйгүлігін бәйгеге қосып, бас жүлдені жеңіп алған еді. Сол кезде ол жүлдені жылқышыларға берген.

Ресми баспасөз "Мирас" сәйгүлігін бәйгеге мемлекет басшысының немересі Керимгулы Бердымұхамедов дайындаған деп хабарлаған.

Бердымұхамедов атпен жиі серуендеп тұрады, кейді мемлекет басшысына отбасы мүшелері еріп шығады. 2017 жылы көктемде Бердымұхамедов ұлы Сердар және немересі Керимгулмен велеожарыс өткізіп, атпен серуендеген.

Соңғы жылдары Сердар Бердымұхамедовтың қоғамдық-саяси белсенділігі артқан, оған ресми баспасөз көп назар аудара бастаған. Сонымен бірге ол әкесінің саяси мұрагері болуға дайындалып жүр деген болжамдап жиі айтылып жүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364