Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
5115 2 пікір 14 Ақпан, 2018 сағат 08:49

Түркіменстан үкіметі валюта бағамын өзгертуді қарастырып жатыр

Түркіменстан үкіметі түркімен манатының шетел валютасына шаққандағы бағамын өзгертуді қарастырып жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметінің Түркіменстан Орталық банкіндегі дереккөз хабарлады.

Аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрген түркімен шенеунігі жаңа бағам "қара базардағы бағаммен" теңестірілуі мүмкін екендігін айтты.

Осы аптада "қара базардағы" АҚШ доллары бағамы бірден көтеріліп, түркімен манаты құнсызданып, 1 доллар 15 манатқа жетті.

Түркімен манатының ресми бағамы 2015 жылдан бері өзгермей, 1 доллар үшін 3.5 манат болып тұр. Бұл елде шетел валютасын сату заңсыз. 2016 жылы Түркіменстанның Орталық банкі валюта айырбастауға ресми тыйым салған.

Азаттық дереккөзі валюта бағамын көтеру, елдегі инфляцияны ұстап тұру үшін керек дейді. Бірақ Иран және Қытаймен келіссөзден кейін ғана бағам деңгейі белгілі болмақ.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1521
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3136
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1133
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1051