Сенбі, 12 Сәуір 2025
3889 1 пікір 15 Ақпан, 2018 сағат 08:50

Қырғызстанда "жемқорлар тізіміндегілер" мемлекеттік қызметтен мәңгі шеттетіледі

Қырғызстанда жемқорлық немесе мемлекет меншігін тонағаны үшін жауапқа тартылған және сотталған шенеуніктердің тізімі дайындалады.

Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің бірінші орынбасары Дамир Сагынбаев хабарлады.

"Бұл реестр бізге не үшін керек? Айыптау үкімін алғандар мемлекеттік қызмептке қайта тұрмауы үшін қажет", - деді Сагынбаев.

Оның сөзіне қарағанда, жемқорлық және бюджет қаражатын жеуге қатысты қозғалған, бірақ негізсіз уақытша тоқтаған немесе тоқтатылған істер жақында қайта қозғалып, тергеу жалғасады.

13 ақпанда президент Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесінің "Жемқорлықпен күрес туралы" шешіміне қол қойды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1812
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4620
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3647