Сенбі, 12 Сәуір 2025
46 - сөз 7474 16 пікір 15 Ақпан, 2018 сағат 09:06

Абылай хан бір күнде алты әйел алған...

Шарышты қан майданда жеңген Абылайды «ел басқарып, ысылсын» деген ниетпен Әбілмәмбет хан Есіл бойындағы Атығай-қарауылға сұлтан етіп жібереді.

Жаңадан үйленген Абылай Қарақалпақтан алған келіншегін алып Атығай-қарауылға аттанады. Алты рудан тұратын Атығай-қарауыл елі өз сұлтандарын аса үлкен қошаметпен қарсы алып, әр ру бір-бір қыздарын жас сұлтан Абылайға ұсынады.

Абылай-біреу, қыз-алтау. «Енді не істейміз?». Халықтың басы қатады.

Абекең тұрып айтыпты дейді: « енді ... төртке дейін алуға болады ғой...» - деп.

Сөйтсе, ауылдың молдасы тұрып: «Сұлтеке, Пайғамбарымыз жалпы жеті рет некелі болған. Араб халифалары мен Түрік сұлтандарына жеңілдік берлгенін өзіңізде білесіз. Тіпті олардың жеке гаремдері де болған» - деп жол көрсетсе керек.

Сонымен, Абылай хан бір күнде алты неке қиыдырса керек...

... Кейіннен орыс әскеріне жол көрсеткені үшін Арыстан ақынды Кенесеры хан жазаламақ болғанда, Арыстан ақынның:

Ханеке, алыс көрсең алашаңмын,

Жақын тұтсаң қасыңда, қарашаңмын.

Атаңа алты қатын алып берген,

Атығай-қарауылдың баласымын - деп құтылып кететіні содан ғой...

Мұратхан Махметұлы

Facebook-тегі парақшасынан

 

16 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1812
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4620
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3647