Түркіменстанның солтүстігінде діндарларды намаз оқудан бас тартуға мәжбүрлеген
Түркіменстандағы Дашоғыз облысының қауіпсіздік қызметіндегілер діндарларды тергеп, олардан намаз оқудан бас тартуын талап еткен. Бұл туралы Азатлыктың Дашоғыздағы тілшісі хабарлады.
"Дашоғызда ұлттық қауіпсіздік қызметі мешітке баратын діндарларды, сонымен бірге үйінде немесе жұмыста намаз оқитын мемлекет қызметкерлерін тергеуге шақырып жатыр. Оларға қойылатын сұрақтар: Намазды не үшін оқисың? Кіммен араласасың? Ата-анаң кімдер? Олардан намаз оқу мен мешітке барудан бас тартуды талап етудің не қажеті бар", - деп хабарлады дереккөздердің бірі.
Оның сөзіне қарағанда, тергелгендерге "мешітте немесе жұмыста намаз оқуды жалғастырғандар қызметтен кететінін" ескерткен.
"Ал жұмыс істемейтіндерден және жастардан телефондарында дін уағыздаушылар бар ма екенін тексерген", - дейді Азатлыкпен сөйлескен дереккөз. Ал бұрын Түркияда жұмыс істегендерді ұзақ тергеген, сақалы бар жастардың сақалын қыруға мәжбүрлеп, содан кейін ғана босатқан.
Діндарларға тергеу мақсатын түсіндіріп жатпаған. Аймақтағы бірнеше дереккөздің хабарлауынша, Түркіменбашы ауданындағы бірқатар ауылдарға намаз оқитындардың тізімін дайындауды тапсырған.
Abai.kz