Сенбі, 17 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4219 2 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 16:01

2020 жылға қарай Алматы облысында газбен қамту деңгейі 45 %-ке жетеді

Алматы облысында бүгінгі күні газдандыру деңгейі 26,2%, яғни 718,5 мың адам тұратын 123 елді мекен көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Өткен жылы газдандыруға 11,4 млрд. теңге бөлініп, 11 ауданда осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Ал 2020 жылға қарай Алматы агломерациясы аймағы мен Қапшағай қаласы көгілдір отынмен қолық қамтылғанда газдандыру деңгейі 45% жетеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындармен болған есепті кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының айтуынша, Талдықорған қаласында қалаішілік жүйелердің бірінші кезектегі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, табиғи газға 324 абонент қосылды, қазір екінші және үшінші кезектегі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Текелі қаласына дейін газ құбырын тарту мен «Бақанас», «Сарыөзек» және  «Үштөбе» АГТС құрылыстары басталған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2687
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4403