Журналист анасының басқа тұратын жері жоқ екенін дәлелдей алмаса, пәтерінен айырылады
Егер журналист Нарын Айып анасының басқа тұратын жері жоқ екенін дәлелдесе, экс-президенттің өкілдері айыппұлды төлеу үшін пәтерін сатуды талап ету жөніндегі арызды қайтарып алады. Осылай деп Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ресми өкілі Нурбек Сыдыков мәлімдеді.
«Бұл заңда көрсетілген. Сот орындаушылары Нарын Айыптың үш жылжымайтын мүлкі бар екенін мәлімдеді. Егер оның өзі жалғыз үйі бар екенін дәлелдесе, сот әділ шешім шығарады деп ойлаймын. Осыған дейінгі соттардың бірінде ол бір ғана үйі бар екеніне дәлел көрсетпеді. Егер ол дәлелдесе, арызды қайтарып аламыз. Біздің біреудің мүлкін тартып алу ниетіміз жоқ. Атамбаевта тіптен мұндай ой жоқ», - деді Сыдыков.
Сыдыковтың айтуынша, ол тек сот үкім еткен айыппұл сомасын өндіріп алу үшін, экс-депутат Чолпон Жакупованығ журналистер Дина Маслова мен Нарын Айыптың жылжымайтын мүліктерін сату жөнінде сотқа арызданғанын айтады.
Бішкектің Октябрь аудандық соты құқық қорғаушы Чолпон Жакупованың үйін саудаға шығару жөнінде шешім шығарған. Дәл осы іс бойынша журналист Нарын Айыпқа қатысты сот процесі әлі аяқталған жоқ.
Нарын Айып сотта пәтері тек жартылай ғана тиесілі екенін, негізгі иесі анасы екенін айтқан. Журналистің анасы Райла Идинова 20 ақпанда Govori.tv арнасы арқылы видео үндеу жасап, егер үйін тартып алса, далада қалатынын мәлімдеген.
Бас прокурор Индира Жолдубаева 2017 жылдың наурыз-сәуір айында сотқа бес бірдей шағым түсіріп, Алмазбек Атамбаевтың пайдасына Zanoza.kg сайтының құрылтайшысынан 27 млн сом, Чолпон Жакупова мен Омурбек Текебаевтың екі адвокатынан 13 млн сом талап еткен. Жоғарғы сот бес шағым бойынша бас прокурордың пайдасына шешті.
Abai.kz