Түркіменстан шетел төлқұжаты мерзімін бір жылға дейін қысқартады
Түркіменстан азаматтарының шетелге шығуға арналған биометрикалық төлқұжаттарының мерзімі бір жылға дейін қысқартылады. Бұл туралы Азатлык радиосына Мемлекеттік көші-қон қызметіндегі бірнеше дереккөзі хабарлады.
Биометрикалық төлқұжаттар азаматтарға 2008 жылы маусымда беріле бастады. Түркіменстан президентінің №9895 жарлығына сәйкес, құжат ересектерге он жылға, 16 жасқа дейінгілерге бес жыр мерзімге беріліп келген.
2016 жылы төлқұжат мерзімі бес жылға дейін қысқартылған. Төлқұжаттың ескі нұсқасы жарамсыз болып қалған соң, көптеген азаматтар қиыншылықтарға тап болды.
Шетелге шығуға рұқсат беретін төлқұжаттарды елде ғана алуға болады, Түркіменстанның шетелдегі өкілдіктерінде құжатты рәсімдеу қарастырылмаған.
Түркіменстан мемлекеттік көші-қон қызметі биометрикалық тұлқұжаттар мерзімін қысқартуға қатысты жоспарлары туралы ресми мәлімет беруден бас тартты.
Abai.kz