Қазақстанда ұсталған қырғыз депутатының әкесі: ұлымда қос азаматтық жоқ
Қазақстанда ұсталған қырғыз депутаты Дамирбек Асылбек уулуның әкесі Асылбек Супатаев депутаттың ұлтын қазақ деп жариялаған Қазақстан билігінің мәліметін жоққа шығарды. Дамирбек Асылбек уулу Караколде туып-өскен дейді ол.
Супатаевтың сөзіне қарағанда, баласының Қазақстан азаматтығы барын туыстары білмеген. "Біздің бала Караколде туған, сегізінші сыныптан соң Бішкектегі спорт мектебіне ауысқан. "Ол Қазақстанда туған, ұлты - қазақ" деген мәліметтер шындыққа жанаспайды", - деді ол.
Депутаттың әкесі ұлының Динарбек Супатаев болғанын, кейін есімі мен тегін өзгерткенін айтты.
15-16 ақпанда Қазақстанда жүргізілген арнайы операция кезінде 29 адам ұсталды. Оларды арасында Қырғызстанның үш азаматы, солардың ішінде Жогорку Кенеш депутаты Дамирбек Асылбек уулу да болған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі депутаттың Қазақстан азаматтығы бар деп хабарласа, Қазақстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған ақпарат құралдары депутаттың ұлты қазақ деп жазған.
Abai.kz