Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
3822 1 пікір 1 Наурыз, 2018 сағат 08:40

Словакияда журналист өлімінен соң бірқатар шенеунік отставкаға кетті

Словакияда журналист Ян Куцьяктың өлімінен соң премьер-министрдің көмекшісі Мария Трошкова, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Вилиам Ясань, мәдениет министрі Марек Мадьярич отставкаға кетті.

Мадьярич мұндай қанды оқиғадан соң "министр орындығында отыра алмайтынын" мәлімдеген.

Ян Куцьяк Aktuality.sk сайтының редакциясында жұмыс істеген. Жемқорлық және ұйымдасқан қылмыстарды зерттеу жөніндегі халықаралық орталықпен (OCCRP) бірге жұмыс атқарған ол словак саясаткерлерінің италиялық мафиямен байланысын зерттеген. Куцьяктың 9 ақпанда жарияланған соңғы мақаласы Братиславадағы элиталы тұрғын үйлерге байланысты алаяқтық істер туралы.

Журналисті 25 ақпанда атып кетті. Полиция оның өлімін журналистік қызметімен байланыстырып отыр. Словакияда бұрын-соңды журналиске мұндай қастандық жасалған емес деп мәлімдеді полиция өкілі.

Словак оппозициясы ішкі істер министрі Роберт Калиняк пен полиция басшысы Тибор Гашпардың отставкаға кетуін талап етті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 646
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2541
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1602