Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4078 0 пікір 14 Наурыз, 2018 сағат 09:05

Қырғызстанда ЖЭС төңірегінде жанжал тыншымай тұр

Бішкектегі Жылу электр станциясын жетілдіруге қажетті шығынды 386 млн долларға жеткізу үшін құрылыс материалдары бағасын "өсіріп" көрсеткен. Бұл туралы жергілікті журналистерге станцияның жұмыстан шығып қалған бұрынғы директоры Нұрлан Омуркул уулу айтқан.

Нурлан Омуркулдың айтуынша, қарапайым қысқаштың өзі 600 доллардан "сатып алынған". "Сол секілді жүк көтергіштерді 15-17 мың долларға бағалаған. 386 млн доллардың сметасын сұратқанда, олар асығыс толтырып берген. Сол себепті осындай бағалар пайда болған", - деді Омуркул уулу.

Бұрынғы директор орталықта қарапайым камералар орнатылғанын растады, бірақ олардың нақты санын атай алмады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде бақылау камераларының әрқайсысы 14,5 мың доллардан сатып алынғаны туралы мәлімет шыққан еді.

"Электр станциясы" ААҚ баспасөз хатшысы Тагжан Айдаралиева "бейнебақылау" пунктінде 1 млн 94 мың доллар шығын кеткені көрсетілгенін айтқан.

26 қаңтарда Бішкек жылу электр станциясында өрт шықты, соның салдарынан қалада көптеген тұрғын үйлер жылусыз қалды. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады, ал парламент 386 млн доллардың қалай жұмсалғанын зерттейтін уақытша депутаттық комиссия құрды.

Орталық директоры Нұрлан Омуркул уулу жұмыстан шығарылды, МҰҚК "Электр станциясы" ААҚ техникалық директоры Алмаз Жусупбековты ақша жымқырған деген күдікпен қамауға алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1232
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2759
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 888
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837