Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5340 3 пікір 15 Наурыз, 2018 сағат 09:39

Біреудің қайғысынан біреудің лəззат алатыны несі екен осы?

Біреудің қайғысынан біреудің лəззат алатыны несі екен осы? Кеше сарағаштық баланың жағдайын Facebook-тегі тікелей эфирлер, ақпарат көздерінің берген мəліметтері арқылы қадағалап отырдым.

Түнгі 2-ге жақындағанда осбудсмен Балиева жағдайды толық түсіндірді. Болған жайт тексеріледі, сараптама жасалады, бала мен туыстары аман, қадағалауда екенін айтты. "Аппараттарыңды өшірген кезде ғана олардың суреттерін көрсетемін" деді. Балиеваның мұнысы дұрыс. Бала мен апасына зиян тимесін деп отыр.

Ал біз қайттік? Посттарымызда, анау тікелей эфирлер астына жазылған пікірлерде "баланың суретін салыңдар, видеосын салыңдар, аман екеніне көз жеткізуіміз керек" деп жазып жаттық. Бұл жанашырлық, алаңдаушылық емес! Қайта отқа май құю! Сол баланың орнында өз балаңыз болса, суретін оп-оңай жариялар ма едіңіз?

Айтылған ақпараттың бəрін оңды-солды шаша бермей, ой таразысын өткізіп, саралап, арзан пиардан гөрі алдымен баланың ендігі тағдырын ойлау керек қой. Балиевамен бірге балаларға қатысты мəселелерде бірге жүргенім бар, ол кісі де ана, жағдайды оң шешеді деп сенемін. Біз істің дұрыс жүргізіліп, айуандардың (азғындығы анықталса) қатаң жауапқа тартылғанын қалаймыз!

Серікбол Хасан

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446