Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5487 2 пікір 19 Наурыз, 2018 сағат 09:21

Балаққа жабысып, аяғымыздан шалатын нәрселер көп-ақ...

"Адам - өз ішкі ойларының құрбаны, не құлы" деп жатады. Келісем. Не ексең - соны орасың ! Адам табиғатына байланысты айтылған.

Халықтың ішкі сана-түйсігі өсті. Айналасына әр-әркім өз ұстанымы мен көзқарасы негізінде қарауға дағдыланып келе жатыр. Қарапайым түрде, үйіңде ит асырау үшін де, ең бірінші тамақ беріп отыру барысында, белгілі бір тамаққа дағдыландырып, үйретіп аласың ғой. Сол тәрізді, ақпараттар легін де саралап, қабылдағанымыз жөн.

Біріншіден, ит емеспіз, асыратып отырған.

Екіншіден, күнделікті қайталана беретін ақпараттар да өте жалықтырып тастайды бізді.. Бізге, буырқанған теңіз іспетті, үнемі мінезін шығарып отыратын, күш-қуаты сарқыла қоймайтын азаматтық қоғам керек ! Өйткені, бұл орайда біз әлі өзімізді тапқан жоқпыз!

Көршілердің ауласына телміре де беруге болмайды! Әсіре ұрлап ала қоятын да дүниелері қалмағандай. Осы бір шақтарда, алдыға оза жөнелетін де кезіміз еді. Әттең, көзсіз мәжбүрлі байланысымыз, адым аштырмайды. Балаққа жабысып, аяғымыздан шалатын нәрселер көп-ақ.

Әбдайым Мәлікұлы

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1262
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2798
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 913
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 861