Түркіменстан президенті әйелдерге музыкалық сыйлық жасады
17 наурызда Түркіменстанның мемлекеттік арнасында ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің орындауында айтылған әндердің бейнебаяны көрсетілді.
Ресми басылымдардың хабарлауынша, бұл 8 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында болған концерт. Оған елдің барлық аймағынан қоғамда жетістікке жеткен әйелдер, көп балалы аналар шақырылған.
"Бұл күні әйелдерге жасалған нағыз сыйлық ұлт лидері Гурбангулы Бердімұхамедовтің орындауындағы ән болды. Оны әйелдер бейнебаян арқылы көре алды", - деп атап өтеді жергілікті БАҚ.
Былтыр да президент Бердімұхамедов 8 наурызда әйелдерге арнап ән айтқан.
Осыған дейін де Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің музыкалық талантын бірнеше рет көрсеткен. Ол бірінші рет 2010 жылы маусым айында Түркіменбашы қаласында сахнаға шықты. 2011 жылы өзінің туған күнінде "Саған менің ақ гүлім" әнін орындаған.
Abai.kz