Өзбекстанда арнайы қызметтің жұмыссыз қалған офицерлері милицияға барады
Өзбекстанда Ұлттық қауіпсіздік қызметі Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі болып өзгергеннен кейін жұмыссыз қалған офицерлер милиция және әскерге баратын болады.
Арнайы қызметтің қанша жұмысшысы ішкі істер министрлігіне ауыстырылғаны әзірге белгісіз.
"Президент жарлығына сәйкес, 1 сәуірден бастап құпия ұйымдарда бейне бақылау құралдарына қызметті енді ішкі істер министрлігі жүргізеді. Осыған дейін бұл қызмет Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жүктелген. Нысандарды күзетумен айналысатын конструкторлық бюро да ІІМ-ге көшеді. Ондағы барлық қызметкерлер де ішкі істер министрлігінде жұмыс істейтін болады. Сол бұрынғысынша айлық алады, жеңілдіктері де сақталады" – деді ІІМ қызметкері.
Президент Шавкат Мирзияевтің «Мемлекеттік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру шаралары жөніндегі» жарлығына сәйкес, 1 сәуірден бастап бұрынғы ҰҚҚ басқармасы қорғаныс министрлігіне өтеді. Бірақ басқарманың атауы әзірге белгісіз.
Бірақ кейбір мәліметтерге қарағанда, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бірқатар офицерлері өз еріктерімен жұмыстан кетіп жатыр. Олардың бірі Ресейге кетуді жоспарлап отырғанын айтады. "Өз еркімен кеткендердің дені жұмыс табады. Бірақ бұдан мемлекет ұтылады. Кураторлар мемлекеттің құлағы һәм көзі болған еді. Қазір кураторлардың бақылауынсыз қалған мемлекетке үлкен залал келуі мүмкін", – деп есептейді арнайы қызметтің бұрынғы өкілі.
Abai.kz