Сенбі, 23 Қараша 2024
3822 0 пікір 20 Наурыз, 2018 сағат 12:52

АҚШ-та басқарусыз автомобилді сынау кезінде бір адам қаза тапты

Uber компаниясы АҚШ-тың барлық қалаларында басқарусыз автомобиль сынағын уақытша тоқтатты. Оған себеп дүйсенбі күні Аризона штатының Темпе қаласында басқарусыз автомобиль жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып өткен.

Компания штат билігімен қайғылы оқиғаны зерттеп жатқанын хабарлады.

Компания басшысы Дара Хосроушахи қайғылы оқиғаға қатты қайғыратынын мәлімдеді.

Осыған дейін де өзге компаниялар жасап шығарған басқарусыз автомобильдер апатқа ұшыраған. Мәселен 2016 жылы Google корпорациясы сынаған көлік автобусты кесіп өткен. Бірақ ол кезде ешкім зардап шекпеген.

Бүгінде басқарусыз көлікті Apple және Tesla компаниясы да жасап шығарған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383