Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4816 2 пікір 25 Наурыз, 2018 сағат 11:35

«Маған жәннат уәде етілді..."

1981 жылы 13 мамырда Ватикандағы Әулие Петр алаңында Иоанн ІІ Павел рим папасына түріктің «Бозқұрт» ультраоңшылдар партиясының мүшесі Мехмет Әли Агджа дейтін терроршы тапаншамен оқ атып, ауыр жаралады.

Кейін рим папасы оңалып шыққаннан соң, түрмеде отырған Мехмет Әлимен кездесіп, жабық есік жағдайында сөйлесті. Олардың арасында болған әңгіме әлі күнге құпия қалпын сақтап тұр. Сол жолы Иоанн ІІ Павел өзіне шабуыл жасаған түрік терроршысын кешіргенін айтты.

2000 жылы Италия соты амнистиямен шығарып, Мехмет Әлиді Түркияға экстрадициялайды. 2010 жылы түрік түрмесінен босап шыққан Мехмет Әли өзінің католик дінін қабылдағанын айтып, Польшаға көшкісі келетіндігін білдірген.

Мехмет Әли 2010 жылы шетелдік жорналшылармен келісім-шарт жасасқанын, өзі беретін бірнеше халықаралық сұхбаттары мен екі кітабы үшін 7 миллион доллар алатындығын мәлімдейді.

2010 жылдың 18 қаңтарында түрмеден шыға салып, Мехмет Әли өзін Иса Мәсіх ретінде жариялап, бүкіл әлем осы ғасырдың соңына дейін опат болатынын айтады. Оның бұл мәлімдемесінен кейін түрік дәрігерлері оның денсаулығы мен психикасына күмәнмен қарай бастаған. 2013 жылы оның «Маған жәннат уәде етілді» атты кітабы жарық көрді...

Қанат Ескендір

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383