Сенбі, 23 Қараша 2024
4973 2 пікір 26 Наурыз, 2018 сағат 12:19

Қазақ тілінде әкелерге арналған сайт ашылды

Елімізде әкелерге арналған қазақ тіліндегі Talbesik.kz алғашқы танымдық-тәрбиелік сайты ашылды, деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Жоба жетекшісі Азамат Битанның айтуынша, қазіргі қазақ қоғамы үшін осы бағыттағы жұмыстардың қажеттілігі өте жоғары.

«Бұл ең алдымен өзіме деген қажеттіліктен туған дүние. Қоғамдық жұмыс деп алайықшы. Көптен ойда жүрген шаруа. Алғашқыда байқап көремін. Егер сайттағы материалдар көпшілік тарапынан жақсы қабылданса, ары қарай жалғастырамын. Біз әдетте «дамыған мемлекеттер» дегенді жиі айтамыз. Сол дамыған мемлекеттеріңіз қазір ата-ана, бала тәрбиесіне, жалпы отбасы тақырыптарына ерекше көңіл бөліп отыр. Осы бағыттағы іс-шараларға қарайған қаражат қарастырған. Ол бекер емес. Себебі шаңырақ шайқалмаса, отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік, жақын жандардың арасында жанашырлық болса ғана сол әулет көпке үлгі болмақ. Ұлттық код, қазақтың жадысы деп жүрміз. Соның барлығы отбасы, ошақ басынан бастау алады. Мінеки, осы бағытта жұмыстанамын. Әсіресе Алаш ардақтыларының шығармаларына баса назар аударамын», - дейді жоба авторы Азамат Битан.

Аталмыш сайт Алаштың әлдиі, Педагогика, Психология, Тілашар және Алаң атты барлығы 5 айдардан тұрады. Сондай-ақ, әке мен бала тақырыбын қамтитын «Әкемен әңгіме» атты арнайы жоба бастау алған. Әңгіме барысында қоғам қайраткерлері мен педагогтар, әр салада белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген танымал тұлғалар отбасы мәселесінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, шешімі қиын сауалдарға жауап береді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369