Жұма, 22 Қараша 2024
4032 0 пікір 28 Наурыз, 2018 сағат 16:03

Қырғыздар Бішкектегі сауда орындарына бойкот жариялады

 

Қырғызстанда әлеуметтік желі қолданушылары 31 наурызда Бішкектегі сауда орталықтарына бойкот жариялау туралы хабарлар таратып жатыр. Тұрғындар сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігі туралы есебін талап етуде. Бұған қоса белсенділер орталықтарда эвакуация жаттығуы өткенін қалайды.

Мұндай үндеу жариялағандар сауда орталықтарының қожайындарына адам өмірінің құндылығын еске салғылары келген. Бойкот Кемероводағы өрт құрбандарын еске алуға байланысты жарияланған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының үндеуіне Asia Mall сауда орталығы құлақ асып, 30 наурызда өрттен сақтану жаттығуын өткізетін болды.

25 наурызда Ресейдің Кемерово қаласындағы  "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт шықты. Ресми мәлімет бойынша, 64 адам қаза тапқан, 60-тан астам адам жараланған.

27-29 наурызда Кемеровода аза тұту күндері жарияланды. Аймақтағы елді мекендерде мемлекеттік ту түсіріліп, ойын-сауық шараларына тыйым салынған. 28 наурызда Ресейдің барлық аймақтарында аза тұту күні жарияланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303