Сейсенбі, 26 Қараша 2024
4030 0 пікір 29 Наурыз, 2018 сағат 09:24

Сенат депутаттары «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысты

Парламент Сенатының Қаржы және бюджет және Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеттері «Астана» халықаралық қаржы орталығында көшпелі отырыс өткізді.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина қаржы саласын «қайта жаңғырту» Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы міндеттердің бірі екенін еске салды.  Сенатор атап өткендей, экономиканы инновациялық дамытуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда және Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу жолындағы ауқымды істерде «Астана» халықаралық қаржы орталығына ерекше рөл жүктеліп отыр.

 «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов депутаттар алдында сөз сөйлеп, «Астана» халықаралық қаржы орталығы: қалыптасу және келешегі» деген тақырыпта таныстырылым өткізді. Шараға қатысушылар отандық қор нарығын одан әрі дамыту, ислам қаржыландыруы, жеке адамдар мен мемлекеттік қор активтеріне халықаралық басқаруды енгізу, сондай-ақ қаржы технологиялары мен қаржы өнімдерін жетілдіру секілді орталықтың стратегиялық бағыттары туралы хабардар етілді.

Депутаттар А. Бейсенбаев, С. Еңсегенов, Г. Дүйсембаев, М. Көбенов, Д.Әділбеков, Е. Мұқаев және Б. Шелпеков «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылығына орталықтың жұмысы, оның қызметін құқықтық және ұйымдастырудағы негізгі мәселелерге қатысты бірқатар сауалдар қойды.

Отырысты қорытындылай келіп, Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина біздің елімізге қаржы технологиясы мен инновациялары және инвестиция тартуда «Астана» халықаралық қаржы орталығы ауқымды мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының орталығы атанатынына, келешекте ТМД мен шетел үшін қаржы торабы болатынына сенім білдірді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметін талқылау және отырыс барысында айтылған ақпараттар Сенаттың заң шығару қызметінде пайдаланылатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1532
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3312
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5995